Алматының орталығында жарық сөніп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алатау жарық компаниясы" (АЖК) интерактивті картасына сәйкес, Гоголь – Абай – Мұқанов – Желтоқсан көшелері алаңында электр қуаты сөнген.
Бұл аумақта тұратын алматылықтар кей көшелердің қиылыстарында бағдаршамның жұмыс істемей тұрғанын айтады.
"ЖЭК-2 апатты түрде өшірілді. Жарық сөнген уақыт - 08:00. Оның себебі анықталуда. Жарық шамамен - 2 сағатта қосылады", – деп жазылған "Алатау Жарық" компаниясының сайтында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу