Алматының орталығындағы бірнеше көшеде жарық өшті

"Алатау Жарық Компаниясы" шамамен екі сағатта мәселе реттеледі деп хабарлады. 

Алматының орталығындағы бірнеше көшеде жарық өшті Фото: google.com

"Алатау Жарық Компаниясы" 26 маусым күні сағат 14:20 шамасында Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшірілгенін хабарлады. Оның себебі анықталуда.

"Медеу ауданында Бөгенбай батыр, Қалдаяқов, Гоголь, Қонаев көшелерінде жарық сөндірілді. Арнайы бригада жұмыс істеп жатыр, себебі анықталуда. Шамамен екі сағатта жарық қосылады", - деп хабарлады АЖК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу