Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жаңа басшы тағайындалды

542

15 күн бұрын аурухананы басқаруға Марат Абдуллаев тағайындалған болатын. Ол уақытша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқандықтан, жұмыстан шеттетілген.

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы Орталық қалалық клиникалық аурухананың директоры ауысты. Қазір директордың міндетін уақытша Гүлнар Құлқаева атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайға байланысты 24 сәуірден бастап "Орталық қалалық клиникалық аурухана" шаруашылық басқарудағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры міндетін уақытша Гүлнар Құлқаева атқарып жатыр. Гүлнар Құлқаева Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық жетекшісінің орынбасары болған. ҚР Еңбек туралы заңнамасына сәйкес үш жақты жазбаша келісімшарт арқылы Гүлнар Құлқаева директордың міндетін уақытша атқаруға іссапармен ауысты", - деді басқармадан.

Айта кету керек, 15 күн бұрын аурухананы басқаруға Марат Абдуллаев тағайындалған болатын. Ол уақытша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқандықтан, жұмыстан шеттетілген.

Оған дейін аурухана кәсіпорнын басқарып келген Алмас Джувашев қызметкерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына байланысты қызметінен кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу