Серік Кәріпбеков Алматы прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мемлекет басшысының келісімі бойынша, Алматы қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков тағайындалды", делінген хабарламада.
Серік Кәріпбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, Түркия Республикасының Стамбул университетін бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу