Алматының сауда орындарын модернизациялауға 200 миллиард қаржы салынды

1030

Алматының сауда орындарын модернизациялауға 200 миллиард қаржы салынды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын тауарды базардан емес, сауда орталығынан алуға шақырды. Сонымен қатар әкім 1,3 мың заңсыз киоскілер сүрілгенін айтты, деп xабарлайды Zakon.kz.

"Жалпы 1,3 мың заңсыз дүңгіршек пен ескі үлгідегі билбордтар сүрілді. Дүңгіршек пен гүл сататын дүкеннің 99%-ы чек бермейді. Қаншама ескі үлгідегі билбордтар бар. Жұмыс орындары жабылып жатыр, қысқарды дейді тұрғындар. Олай емес. Бұл - заңсыз жұмыстар. Бүгіндері сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Екі жылда қазіргі заманғы сауда орындарын модернизациялауға 200 млрд қаржы салынды. Халықаралық стандартқа сай 16 ірі сауда кешені ашылды. Бекеттер стиxиялы базарлардан арылды", - деді Бауыржан Байбек ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Алматы әкімі базардан гөрі сауда орталықтарында бағаның арзан екенін айтты.

"Көпшілік базарға баруға үйреніп қалған. Олар базарда арзан деп ойлайды, олай емес. Бүгінде көптеген сауда орындары базарға қарағанда тауарларын арзан бағада сатады. Неге? Себебі олар тауарды үлкен көлемде сатып алады. "Магнум" қалай жұмыс істейді? "Магнумға" сауда жасауға келсеңіз үнемі ортада жеңілдік боп жатқан тауарлар тұрады. Сіз оны аласыз. Сонда "Магнум" қалай табыс табады? Арзан тауарлардың жанына қымбат тауарларды қояды. Базарда қор, қосымша ақша, білім, менеджмент жоқ. Екіншіден антисанитария, тағам өнімдері тоңазытқыштарда сақталмайды. Сауда орындарында бәрі бар. Бірнеше жыл бұрын, қанша базар өртенді. Тауар сақтандырылмаған, бейнекамера жоқ. Криминалитет жұмыс істейді базарда, білеміз. Сауда орталықтарында мұндай жоқ, қауіпсіз. Ең бастысы онда жұмыс істейтіндердің зейнетақы жарнасы бар, сақтандырылған. Біз стандарт бойынша жұмыс істейміз, тоқтамаймыз", - деп мәлімдеді Алматы әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу