Алматының Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстары басталды

501

Сейфуллин даңғылы бойымен ұзындығы 5,6 шақырым жол жөнделеді.

Алматының Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Алматының Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы бойымен Рысқұлов даңғылынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейін ұзындығы 5,6 км жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары басталды, троуарлардың жеке бөліктері көлік қозғалысын шектемей жөнделуде.

"Сейфуллин даңғылының алдыңғы орташа жөндеуі 2010 жылы жүргізілген. Алматының жол-климаттық аймағын ескере отырып, Сейфуллин даңғылын жөндеу аралығы 5 жыл. Осыған байланысты тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымының өкілдерімен тексеру жүргізілді. Зерттеу барысында шұңқырлар мен жарықтар анықталды. Техникалық қорытынды негізінде Сейфуллин даңғылын орташа жөндеу жоспарына қосу туралы шешім қабылданды",- деп хабарлады басқармадан.

Ведомство өкілдері келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу