Алматының шалғай аудандарында 800-ге жуық "Сергек" камерасы орнатылады

1342

Қаңтар оқиғасы кезінде істен шыққан 587 бақылау камерасы қалпына келтірілді.

Алматының шалғай аудандарында 800-ге жуық "Сергек" камерасы орнатылады

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қаңтар оқиғалары қаланың қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын тиімді үйлестірудің аса қажет екенін көрсетті. Біздің басты міндетіміз қала тұрғындары мен қонақтарының болашаққа деген сенімін қайтарып, толыққанды қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады", – деді қала әкімі. 

Осы міндеттерді іске асыру үшін бірнеше шара қабылдануда. Істен шыққан 587 бақылау камерасының жұмысы жедел қалпына келтірілді. Сонымен қатар 2022 жылдың маусым айына дейін адам көп жиналатын жерлерде 3 050 камера қосылып, қаланың шалғай аудандарында тағы 200 "Сергек" кешені, бұл 800-ге жуық камера орнатылады.

"Көшелер мен аулаларды жарықтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Биыл 1 066 жартылай жарықтандырылмаған көше мен 486 аулаға сыртқы жарықтандыру жұмыстары аяқталды", – деді әкім. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу