Алматының шеткі аумақтарында 111 км жаңа жолдар пайда болады

635

Жалпы ағымдағы жылы ұзындығы 47,4 км болатын Алматы қаласының 177 көшесінде жаңа жолдар салынуда.  

Алматының шеткі аумақтарында 111 км жаңа жолдар пайда болады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қ. қалалық мобильділік Басқарма басшысының орынбасары Ернұр Абжахан  қаланың жаңадан қосылған учаскелеріндегі жол инфрақұрылымы құрылысы бойынша қала әкімі тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты.

"Шеткі аумақтар бойынша 200 км жолдың негізгі бөлігі – бұл шамамен 50%-дан астамына орташа жөндеу жүрігізілді. Ол Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандары. Бұрын қатты жабынды болмаған шағын аудандарда жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған ЖСҚ жүзеге асырылғаннан кейін  шамамен 111 км жол пайда болады", – деп атап өтті спикер.

9 аудан бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталып келе жатқаны атап өтілді.

Жалпы ағымдағы жылы ұзындығы 47,4 км болатын Алматы қаласының 177 көшесінде жаңа жолдар салынуда. Оның ішінде ұзындығы 18,6 км болатын 112 көше бойынша жол құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін ұзындығы 28,8 км болатын қалған 65 көшенің жолын салуды аяқтау жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымының сапасына қатысты сұрақтар бойынша қала тұрғындары 1308 номері бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауға жүгіне алады, болмаса әлеуметтік желілердегі Алматы қаласының қалалық мобильділік Басқармасының аккаунттарына хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу