Алматының студенттері құрылысы бітпеген ғимаратта тұрып жатыр

401

Қазіргі таңда аталған ғимаратта 50 cтудент тұрып жатыр.

Алматының студенттері құрылысы бітпеген ғимаратта тұрып жатыр Фото: видео скриншот

Тек "Сергектің" өзінен бюджетіне миллиардтар түсіп жатқан Алматыда студенттер тұратын баспана іздеп сандалып жүр.

Ең сорақысы, Абай атындағы университет аталған нысанмен 700 студентті орналастыру бойынша меморандумға қол қойған.

50 студент пен бірнеше адамның басын қатерге тіккен ғимарат Алматының қақ ортасында орналасқан. Аталған ғимарат ең алғашында зауыт болған екен. Қазіргі белгіленген мақсаты әкімшілік ғимарат. Алайда, қожайыны оған бас қатырмай адамдарды соның ішінде студенттерді орналастырған. 

"Қазіргі уақытта 50 студент тұрып жатыр. Алдағы уақытта тағы қабылдауға дайынбыз. Біз мұндай қадамға қыркүйек айында көбейген студенттерді қала орналастыра алмай жатқандықтан бардық. Жылжымайтын мүлік саласында бірнеше жылдан бері жұмыс істегендіктен, бізге жоғары оқу орындары да, студенттер де көмек сұрап хабарласады", дейді "Эталон БЦ" басқарушысы Сәуле Әкімбаева.

Қала әкімдігі болса, бұған дейін бұл ғимараттың заңсыз салынып жатқанын анықтап сотқа берген. Ауданаралық экономикалық соттың шешімі де бар. 

"Ғимаратты қолданысқа беруге рұқсат қағаздары болмаса да, нысанның иесі 1-ші қабатты жатақхана ретінде пайдаланғаны анықталды. Бұл заңсыз. Жауапсыздық деп айтар едім", деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Былқылов.

Айта кету керек, кеше ғана Алматыда хостел өртеніп, 5 адам ауруханаға түсіп, 13 адам көз жұмған болатын. Онда тұрғандардың басым бөлігі жастар және шетел азаматтары. Қазір ол іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу