"Алатау және Медеу аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 678 қатысушысы ұсталды. 36 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 476 оқ-дәрі тәркіленді. "102" пультіне небәрі 881 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Call-орталықтарына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 дабыл түсіп, барлық хабарламалар өңделді", – деп хабарлады Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу