Алматының таксопаркі Өскеменнен бір мың LADA Granta көлігін сатып алды

1020

20 қыркүйекте "Азия Авто" кәсіпорны көліктің екінші буын өндірісін іске қосты.

Алматының таксопаркі Өскеменнен бір мың LADA Granta көлігін сатып алды

Алматы қаласының таксопаркі "Азия автоның" жаңа үлгідегі мың LADA Granta көлігімен толығады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Азия Авто" АҚ вице-президенті Андрей Толстиков пен "Верный Партнер" такси қызметінің негізін қалаушы Максим Сәрсеновтің айтуынша, су жаңа көліктер осы жылы-ақ Алматы қаласының көшелерімен жүйіткімек.

"Азия Авто" мен "Верный партнер" компанияларының серіктестігі негізінде қаламызда үлкен таксомотролық парк құрылады. "Азия Автоның" жайлы әрі сапалы көліктері алматылықтардың көңілінен шығады деген сенімдеміз",-дейді Максим Сәрсенов.
Оның айтуынша, "Азия Авто" зауытынан сатып алынған көліктердің жалпы құны 4 млрд.теңгені құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, LADA Granta моделінің екінші буыны 2018 жылдың 29 тамызында Мәскеу қаласындағы халықаралық көлік салонында таныстырылған болатын. 20 қыркүйекте "Азия Авто" кәсіпорны көліктің екінші буын өндірісін іске қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу