Алматының тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салына ма?

159

Әкімдік құрылыс салу ережелерін қатаңдатқан. 

Алматының тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салына ма? Фото: optimism.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Тұрғындар Ерменсай шағын ауданындағы тау бөктеріне жақын маңда тұрғын үй кешендерінің құрылысына мораторий енгізіле ме деп сұрады.

Шаһар басшысының айтуынша, жеке ауданда тұрғын үй кешенін салуға мораторий енгізуге құқығы жоқ. 

"Бірақ біз бұл мәселелерді реттей аламыз. Соңғы бірнеше жылда қаншама жобаларды келісуден бас тарттық. Тау бөктерінде құрылыс жүргізуге рұқсат бермейтінім үшін маған қарсы адамдардың қарасы көп",  деді Ерболат Досаев.

Заңнамадағы олқылықтар жеке тұрғын үйге арналған жерге аз қабатты тұрғын үй құрылысын салуға мүмкіндік беріп отыр, дейді ол.

"Біз заңнаманы жетілдіруге арналған ұсыныстар енгіздік. Өз тарапымыздан құрылыс салу ережелерін қатаңдаттық. Оның ішінде таулы дүңгіршектер жолағында ғимараттар салуға тыйым салынады",  деп атап өтті Алматы әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу