Алматының тау бөктерінде салынған үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

338

Сот шешімімен Көлсай ш/а., №2237 уч. салынып жатқан үш ғимарат сүрілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Алматының тау бөктерінде салынған үш бірдей заңсыз нысан сүрілді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді.

Басқарма жүргізген жоспардан тыс тексеру көрсеткендей, меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салуға кіріскен.

Меншік иесіне қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, 316-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік шара қабылданды.

Алайда құрылыс иесі ескертуге құлақ аспаған.

"2023 жылы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылы 22 қыркүйектегі сот шешімімен бұзу туралы талап қанағаттандырылды", - деп жазды қалалық басқарманың баспасөз қызметі.

Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті.

Айтам кетейік , Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара бұзылды, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Граф", "Алма Гарден" секілді бірнеше ірі тұрғын үй кешендері және т.б. бар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу