Алматының таулы аймағында заңсыз тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

1422

Заңсыз объектіні бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

Алматының таулы аймағында заңсыз тұрғын үй кешені сүріліп жатыр Фото: видео скриншот

Алматыда сот шешімі бойынша Khan тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз тұрғын үй кешенін сүрудің басталғаны туралы хабарлады.

Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы аясында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмейтін салынып жатқан 52 нысан анықталды. Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан Khan тұрғын үй кешені.

"Бұл нысанды "Tennis.kz" ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етпеген.

Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ биыл 28 сәуірде Алматы қаласының СМЭС-на кешенді сүру жөнінде талап арыз берді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу