Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін

880

Бір ай бұрын Алматыда тау бөктерінің бір бөлігі опырылып түскен.  

Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін

Алматыда лай көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте толассыз жауған жаңбырға байланысты және "Қазгидромет" РМК дабылды ескерту негізінде 19-22 мамыр аралағында Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін.

"Осыған байланысты қаланың таулы аудандарында тұратын тұрғындар сумен жабдықтау желілері мен септикалық резервуарларды пайдалану кезінде сақ болу қажет. Сумен жабдықтау желілері бұзылса, бірден су құрылғысын ажыратып қажетті шараларды қолдану керек. Лай көшкіні жүруі мүмкін аумақта қазба және басқа жұмыстарды жүргізбеуге кеңес береміз", – деп хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу