Алматының тергеу абақтысына келушілер енді "билетпен" кіреді. Электронды кезекпен жұмыс істейтін заманауи бақылау пункті ашылады. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) баспасөз қызметіне сілтемемен sputniknews.kz хабарлады.
"ЛА-155/18 мекемесінде бір терезе қағидаты негізінде заманауи бақылау бекетін салу басымдықтардың бірі саналады, бұл келушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", — деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, жаңа бақылау-өткізу пункті іске қосылғаннан кейін келушілер бірнеше бақылау пунктінен өтпейді, олар енді үш есе аз күтеді – орташа уақыт бір сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады.
Жаңа құрылыс осы жылдың желтоқсан айының ортасына дейін салынып бітуі тиіс. Жоба Алматы прокуратурасы мен қала әкімдігі тарапынан қолдау тапты.