Алматының Томирис ықшам ауданында 9 адамнан есіркіге ұқсас зат табылды

1205

Жалпы саны 34 адам тұтқындалды.  

Алматының Томирис ықшам ауданында 9 адамнан есіркіге ұқсас зат табылды

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

Еске сала кетсек өткен демалыс күндері 9-11сәуірде желіде ашынған Томирис ауданы тұрғындарының бейнежазбасы тараған еді. Онда көпшілік белгісіз адамдардың балаларына көшеде есіркіге ұқсас зат таратып, дәл осындай ақ түсті ұнтақты ауданның әр бұрышына тығып кеткен күдіктілерді ұстап алғандарын айтқан.

Полиция департаменті ресми өкілінің айтуынша тұрғындардың өтініші бойынша 9-11 сәуір аралығында ауданда жедел іздестіру іс-шаралары өткен. Нәтижесінде 34-тен аса күдікті ұсталып, оның 9-нан есіркіге ұқсас зат табылған.

"Оның нақты есірткі ма, әлде есірткі емес пе сот-химиялық сараптамасы анықтайды. Бұл кем дегенде 20 күн жасалатын , күрделі сараптама. Бұл азаматтардың барлығының жеке басы анықталып, кейбірінің бұрын істі болғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша ерлізайыптының есіркі саудалауының салдарынан осындай жағдай туырдады. Олар сол ықша ауданда пәтер жалдап тұрған. Ерлізайыптылардан тінту барысында есіркіге ұқсас дәйекті зат табылды, сот-химиялық сараптамаға жөнелтілді", - деді спикер.

Бұл азаматтар бұған дейін де ықшам аудан тұрғындарының арызы бойынша ұсталған.

"21 наурызда ұсталғанда тінту барысында қалталарын ештеңке табылмады. Оларды сот-наркологиялық сараптамаға жеткізген кезде қандарынан есірткі табылған жоқ. Келісі күні ауданда тағы бір күдікті азамат ұсталып, одан есіткіге ұқсас зат табылды. Ол сот-химиялық сараптамаға жөнелтілді. Осы істе белсенділік танытқан аудан тұрғындарына алғысымызды білдіреміз", - деді Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу