Алматының төрт ауданында суық су өшіріледі

320

Мектептер мен балабақшаларға су автоцистерналармен жеткізіледі.

Алматының төрт ауданында суық су өшіріледі Фото: pixabay.com

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты төрт ауданында су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жаңа желілердің қосылуына байланысты 16 мамыр күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданындағы Саин көшесі – Райымбек даңғылы – Өтеген батыр – Төле би көшелерінде су беру уақытша тоқтатылады.

16 мамырда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін Түрксіб ауданында Майлин – Мирная – Бұқтырма – Ақкербез көшелері бойында орналасқан үйлер мен ғимараттарға суық су беру шектеледі.

17 мамыр сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Жароков көшесі – Абай даңғылы – Үлкен Алматы – Сәтбаев көшесінің бойы, сондай-ақ сол уақытта Алмалы ауданындағы Гагарин – Абай даңғылы – Қабанбай батыр – Құлымбетов – Брусиловский көшелерінде суық су беру тоқтатылады.

Аталған көшелерде орналасқан мектептер мен балабақшаларға су автоцистерналармен жеткізіледі.

"Жөндеу жұмыстарын уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деп хабарлады "Алматы су" мекемесінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу