Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған", делінген хабарламада.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу