Алматының Тұрақтандыру қорын құру үшін 10 млрд теңге бөлінген

737

Қазір қорда 8 млн дәрі-дәрімек бар.

Алматының Тұрақтандыру қорын құру үшін 10 млрд теңге бөлінген

Елордада өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі клиникалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу үшін жасалған шаралары туралы сөз қозғады. 

"Қалада Тұрақтандыру қорын құру үшін 10 млрд теңге бөлінді. Оның 5 млрд теңгесі ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуге, 5 млрд теңгесі дәріханаларды дәрілік препараттармен үздіксіз қамтамасыз етуге арналған. Бүгінгі таңда 68 атау бойынша азайтылмайтын ең төменгі қор 8 млн дәрілік препаратты құрайды", – деді әкім. 

Сонымен қатар шаһар басшысы мегаполисте жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры құрылғанын, жалпы қалада 4,7 млн қоғаныш құралы барын, ал "СК-фармацияға" 4,6 млн данасы келіп түсетінін жеткізді. Бұған қоса, қалада күнделікті қуаты 1 млн бірлікті құрайтын медициналық бетперделер өндірісі жолға қойылғанын да атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу