Алматының Түрксіб ауданында 594 үй реновациялауды қажет етеді

484

Ауданның көппәтерлі тұрғын үй қоры 1 229 үйді құрайды, оның ішінде реновацияны талап ететін ескі үйлер саны – 594. 

Алматының Түрксіб ауданында 594 үй реновациялауды қажет етеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл мәселенің шешімі табыла бастағанын, екі қабатты 13 ескі үйді бұзу жоспарланғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйеніп.

"Ауданның көппәтерлі тұрғын үй қоры 1 229 үйді құрайды, оның ішінде реновацияны талап ететін ескі үйлер саны – 594. Қазіргі уақытта Сауранбаев - Спартак - Чернышевский - Ақынов көшелерінің квадратында 13 ескі екі қабатты тұрғын үйді, барлығы 201 пәтерді бұзу жоспарлануда. Аталған учаскеде 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үй салынады", – деді Н. Лебаев.
 
Спикер өткен жылы 3 көпқабатты үйдің (62 пәтер) құрылысы аяқталғанын хабарлады. Екі қабатты үш үй бұзылып, олардың орнына 7 бес қабатты үйдің (152 пәтер) құрылысы басталды. Жұмыстарды 2023 жылдың 2-тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.
 
"QazaqStroy жеке инвесторымен Сейфуллин, Кассин, Котельников көшелерінің квадратында 30 сегіз пәтерлі ескі үйлерді реновациялау басталды. Аталған учаскеде 27 алты қабатты үй (820 пәтер) салынады. Қазірде 114 пәтерлік 2 үй салынып, пайдалануға берілді.
 
2021 жылы "АгроСпецСтрой" мердігерлік ұйымымен Осипенко көшесінде 59 пәтерлі бір көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, нысанды тапсыру мерзімі – 2022 жылдың 4-тоқсаны.
 
Сондай-ақ Түрксіб ауданында "ТКШ модернизациялау" бағдарламасы жүзеге асырылуда, 8 көпқабатты үй жөнделді. Сондай-ақ, 2017-2022 жылдар аралығында 543 аула абаттандырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу