Алматының түтінімен күресетін қоғамдық қор құрылды

1008

Ауаны ластайтын зиянды заттардың 70 пайызын қаладағы қазандықтар  шығарады.  

Алматының түтінімен күресетін қоғамдық қор құрылды

Алматының түтінімен күресетін қоғамдық қор құрылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңа ұйым  бастапқыда ауа құрамына мониторинг жүргізеді. Мамандардың айтуынша, "Қазгидрометтің" мониторингі мен тәуелсіз зерттеулер сәйкес келмейді. Сондықтан, түтіннің деңгейін дәлме-дәл анықтайтын мониторинг керек.  Қор өкілдерінің айтуынша, алдағы бірнеше жылда Алматының ауасын тазартуға болады. Ол үшін мемлекеттік мекемелер, жеке сектор, ғалымдар мен экологтар күш біріктіруі тиіс.

Еске салайын, Алматыда 500 мыңнан астам көлік тіркелсе, күніне 250 мың автомобиль келіп, кетеді. Оған қоса, көмірмен жұмыс істейтін 2-ші жылу электр станциясы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу