Алматының үлкен айналма жолы ақылы болмақ

1011

Алматының үлкен айналма жолы ақылы болмақ

ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанадағы жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел барысында Алматы үлкен айналма автомобиль жолының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан экономикасының барлық саласында шетелдік ірі инвесторлармен бірлесе атқаруға арналған жұмыстар бар. Агроөнеркәсіп кешені бойынша 800 миллион долларға шарт жасалады, сонымен қатар Алматы үлкен айналма автомобиль жолы бойынша ақтық шарт та жасалады. Мұнда оңтүстік кореялық-түрік консорциумы жеңімпаз болды",- дейді Жеңіс Қасымбек.
Айналма жолды салу желтоқсанда басталады. Жоба 2025 жылға дейін жоспарланған. Құрылыс құны 180 миллиард теңге.

"Осы айдан бастап мобилизация іске қосылуы қажет деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары күн жылынғанда басталады. Бірінші тоқсан соңында - екінші тоқсанның басында алаңқайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады деп ойлаймын", - деп атап өтті министр.

"Жол ақылы болады, өйткені бұл балама жол. Алматының транспорттық жүктемесін біршама төмендетеді деп сенеміз, транзиттік көліктердің үлкен ағынын қалаға кіргізбей-ақ өткізуге мүмкіндік туады", — деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша жол ұзындығы 60 шақырымнан асады. Бетоннан жасалып, сегіз-он жолақтан тұратын жолда инженерлік құрылыстар да жеткілікті болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу