Алматының үш ауданында суық су өшіріледі

238

29 мамыр күні таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін су болмайды.

Алматының үш ауданында суық су өшіріледі Фото: Pixabay.com

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, сондықтан қаланың үш ауданында суық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Алматы Су" хабарлағандай, 29 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қалада технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты келесі қалалық массивтерге суық су беру уақытша шектеледі:

Бостандық ауданы

  • Абай даңғылы-Манас-Тимирязев-Жандосов көшелері-Үлкен Алматы өзені;
  • Тимирязев-Жароков-Өтепов көшелері-Гагарин даңғылы, "Атакент" көрме кешенінің аумағы.

Алмалы ауданы

  • Абай - Әуезов - Жамбыл - Манас даңғылы;
  • Абай - Әуезов-Төле би-Розыбакиев даңғылы;
  • Абай - Розыбакиев - Құлымбетов - Тұрғұт Өзал даңғылы.

Әуезов ауданы

  • Абай даңғылы-Щепеткова-Үлкен Алматы өзені-Сәтбаева;
  • Өтеген батыр көшесі, 112а, 114.

Бекіткіш арматураны және өзге де Технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы әрі тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

"Әлеуметтік нысандар үшін автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу