Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өңірлік көрме-байқау үш номинация бойынша өтеді. Атап айтқанда, "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары".
Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады. Шараға Алматы қаласының әкімдігі, елшіліктер мен консулдықтар, мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысады.
"Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға жолдама алады. Көрме-байқаудың қонақтарын концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді", – деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.