Алматының жаңа бас санитар дәрігерінің қылмыстық іске қатысы бар ма?

5094

Бұл сауалға Қарлығаш Әбдіжаббарова брифингте жауап берді. 

Алматының жаңа бас санитар дәрігерінің қылмыстық іске қатысы бар ма?

Жуырда ғана Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің орнына Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды. Оның бұл қызметке келуінің өзі түсініксіз болды. Алғашында бұл жұмыс Сәдуақас Байғабыловқа жүктеліп, артынша елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов аталған қызметке Қарлығаш Әбдіжаббарованы ресми түрде бекіткен. Ал жуырда Қарлығаш Әбдіжаббарованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан қылмыстық іске қатысы бары белгілі болды, деп жазды inbusiness.kz. 

Алайда ол тергеу құпиясына сілтеме жасап, өзінің мәртебесін айтудан бас тартты. Дегенмен, брифингте сөз алған Әбдіжаббарова өз жұмысында заңды қатаң сақтайтынын мәлімдеді.

Айта кететіні, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл шаруашылығы департаменті шенеуніктерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу 2018 жылдан бері жүргізілуде. Атап айтқанда, субсидия төлемдерін тағайындау бойынша тексеру тағайындалған. Ол кезде Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу