2022 жыл аудандағы қоғамдық кеңістіктерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша рекордтық жыл болды, деп жазады inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
"Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында жаңа спорт алаңдар салынады. 2023 жылға осы жоба бойынша 129 өтінім берілді, оның ішінде 18 жоба алдын-ала іріктелді.
Сондай-ақ, Жетісу ауданының инженерлік желілерін жаңғырту қала әкімдігі басымдықтарының бірі болып қала береді. Тұрғындармен кездесуде Ерболат Досаев тұрғындардың өтініші бойынша Құлагер шағын ауданындағы жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстарын тездету туралы мәселе көтерілді. 1,7 шақырым желіні жаңғырту қазан айының соңында аяқталды. Құбырлар жер астына ауыстырылды, асфальт қалпына келтірілді, ескі жерүсті құбырлары бөлшектеп алынды.
Қазыбаев көшесі, Рысқұлов даңғылы, Тәтібеков көшесі, Райымбек даңғылы бөлігіндегі ұзындығы 57,9 км сумен қамту желілерін реконструкциялау және кәріз салу жұмыстары аяқталып келеді. Тамыз айында Палладин-Павлодар-Сельская-Боралдай көшелері мен Кемел шағын ауданында 40 км ескірген желілерді реконструкциялау жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 800 тірек орнатылып, 15,8 км кабель тартылды. Бұл көшелердегі жұмыстар жыл соңына дейін, Кемел шағын ауданындағы жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады. Бұл 4000-нан астам абонентті үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді.
Жыл соңына дейін Жетісу ауданының 76 көшесінде сыртқы жарықтандыру жұмыстары аяқталады.