Алматының Жетісу ауданында амбулатория мен 3 жаңа емхана ашылады

Ауданда алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары тапшы. 

Алматының Жетісу ауданында амбулатория мен 3 жаңа емхана ашылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Маусым айында Кемел шағын ауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Ол ауданда алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының тапшылығын атап өтті. Оны еңсеру үшін аудан әкімдігі емхана үшін 3 ғимарат сатып алды - Омаров көшесі бойынша 200 келушіге, Нүсіпбеков көшесі 300 келушіге және Жұмысшы поселкесінде  240 келушіге арналған.

"Биылғы жылдың маусым айында Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі ғимараттарды күрделі жөндеуге конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз. Жөндеуді тамыз айында, ал аяқтауды 2024 жылдың наурызында бастауды жоспарланған. 2024 жылғы II тоқсанда пайдалануға берілмек. Жұмысшы поселкесіндегі ғимарат бойынша сатып алу туралы шарт жасалды. Емхана 2023 жылдың IV тоқсанында жөндеу жұмыстары мен жабдықтар сатып алғаннан кейін ашылады деп жоспарлануда", - деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу