Алматы қаласының Жетісу ауданында 2026 жылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған сегіз жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жобалар аясында 7 шақырымнан астам су құбыры мен шамамен 1 шақырым кәріз желісі жаңартылады.
Сонымен қатар 2-ші Гончарная көшесінде ұзындығы 340 метр болатын жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта аталған аумақта уақытша жылу желілері тартылған. Жобаны үш ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, ауданда кернеуі 6-10 кВ болатын кабельдік электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Негізгі жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделген.