Алматының Жетісу ауданында ыстық су өшіріледі

506

Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты шектеулер енгізілуде.  

Алматының Жетісу ауданында ыстық су өшіріледі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

14-19 тамыз аралығында Жетісу ауданының аумағында Первомайская мұнай базасы – Геологтар және Көкжиек шағын ауданы көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу