Алматының жылумен қамту нысандары қысқа дайындалып жатыр

275

Қалада 20,1 шақырым жылу желісі жөнделіп жатыр.  

Алматының жылумен қамту нысандары қысқа дайындалып жатыр Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда жылумен қамту нысандарын қысқы маусымға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік аудандық қазандықты, "Орбита" қазандығын және Әуезов ауданындағы жылу желілерін қайта жаңғырту аумағын тексерді.

Оңтүстік аудандық қазандықта үш қазандық ауыстырылып, жабдықтар жаңартылған. Нәтижесінде нысанның қуаты сағатына 55 Гкалға артты. Бұл шамамен 200 мың тұтынушыны жылумен қамтудың сенімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Орбита" қазандығында да биыл жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ қала әкімі Саин – Момышұлы – Ұлықбек – Абай көшелері аралығындағы жылу желілері учаскесін көрді. Мұнда шамамен 120 метр жылу желісі ауыстырылды. Жұмыс аяқталғаннан кейін 45 көппәтерлі тұрғын үй, 15 нысан және бір балабақша жылумен қамтудың тұрақтылығына ие болады.

Жалпы, биыл Алматыда 20,1 шақырым жылу желісін жөндеу және қайта жаңғырту жоспарланған. Қазір оның 15,8 шақырымы бойынша жұмыс аяқталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу