Алмаз құны күрт қымбаттады. Әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі De Beers компаниясы бағалы тастың бағасын көтерді.
Bloomberg дерегі бойынша, 2021 жылдың алғашқы сауда сессиясында өңделмеген тастардың бағасы 5%-ға өскен. Сарапшылар мұндай динамикаға сұраныстың артуы түрткі болды деген пікірде.
Пандемия басталғанда Африканың оңтүстігіндегі шахталардың уақытша жабылуына байланысты De Beers компаниясының өндіру көлемі азайған еді. Салдарынан негізгі нарықтарда, яғни Қытай мен АҚШ-та бұл минералға деген тапшылық пайда болды.
Табиғат Нұрболат
Фото: professionaljeweller.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу