Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.
2005-2006 жылдары – "Қазақавтожол" ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.
2006-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.
2014-2016 жылдары – "Қазавтожол" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.
2019-2022 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.