Алмазбек Атамбаев бұл жолғы сайлауға қатыса алмайды

988

Алмазбек Атамбаев бұл жолғы сайлауға қатыса алмайды

Қырғызстанда президент сайлауына қатысушылар саны 20-дан асты деп хабарлайды qazaqtimes.com. 

Осы уақытқа дейін Қырғызстан орталық сайлау комиссиясына президенттікке өзін-өзі ұсынушылар саны 19 адамға жаткен. Бұдан бөлек 3 адам саяси партиялар атынан сайлауға қатысуға ниет білдірген.

Естеріңізге салайық Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазан күніне белгіленген болатын. Ал үміткерлерді тіркеу маусымнің 15-інде басталған.

Президент сайлауына қатысу үшін орталық сайлау комиссиясына тіркеуге алынған әр үміткер тамыздың 26-на дейін 30 мың қол жинап, ОСК 1 миллион сом (15 мың доллар) көлемінде қаржылай кепілдік беруі тиіс.

2011 жылы өткен президент сайлауына қатысуға 83 адам өз кандидатурасын ұсынып, оның 23-не ғана мандат берілген болатын.

Қырғызстанда Конституцияға сәйкес бір адам президенттікке бір реттен артық сайлана алмайды. Осыған байланысты Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев бұл жолғы сайлауға қатыса алмайды. Ол ТМД-дағы өзге елдердегідей өзінен кейін мұрагер тастап кетпейтінін бірнеше рет айтқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу