Алмазбек Атамбаев еліне барып ЭКСПО көрмесінен алған әсерімен бөлісті

1122

 Алмазбек Атамбаев еліне барып ЭКСПО көрмесінен алған әсерімен бөлісті

11 маусым күні Қырғыз Республикасы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте “Таза коом” форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, Астанадағы ЭКСПО көрмесінен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды elarna.com.

“Біз дамыған елдермен қатар жүруіміз керек. Теңсіздіктің алуан түрі бар. Соның ішінде сандық технология саласында да. Дамыған елдер дамушы елдерге қарағанда цифрлық технологиядан алда болады. Бізде мұнай мен газ жоқ. Бірақ біздің азаматтық қоғамымыз мықты. Бұл біздің мүмкіндігіміз”, – деді президент.

Атамбаевтың айтуынша, елде әзірге қаражат жоқ. Мысал ретінде ол Астанадағы 3 млрд долларға ұйымдастырылған ЭКСПО көрмесін айтты.

“Біз миллиард доллар несиені жол салу үшін аламыз. Өткен жылы біз 30 млн долларға көшпенділердің екінші ойынын өткіздік. Қаражаттың кепілдендірілген болғанына қарамастан қиындықтар болды. Егер біз 3 млрд долларды көрме ұйымдастыруға жұмсасақ, халық мені тірідей өртеп жіберер еді.  Бірақ біз әрқашан осылай қаржылық шектеуде жүрмеуіміз керек. Еліміз бай болуы үшін адам капиталын ұтымды пайдалануымыз керек”, – деді президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу