Алмазбек Атамбаев Канттан Ресейге ұшып кетті

607

"Атамбаев бүгін Мәскеуге ұшып кетті" деп мәлімдеген Қырғызстанның бұрынғы президенті штабының өкілі.

Алмазбек Атамбаев Канттан Ресейге ұшып кетті

 Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кетті. Өзінің айтуынша, ол достарымен кездеспек, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтемемен ҚазАқпарат.

"Атамбаев бүгін Мәскеуге ұшып кетті" деп мәлімдеген Қырғызстанның бұрынғы президенті штабының өкілі.

Еске сала кетсек, 27 маусым күні Қырғыз Республикасының парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен және қол сұқпау құқығынан мақұрым еткен болатын. Яғни, оны енді қылмыстық жауапқа тартуға болады.

Айта кетейік, Атамбаев бес түрлі қылмысқа қатысы бар деген күдікке іліккен. Оны елдің ішкі істер министрлігі үш рет куәгер ретінде жауап алуға шақырған, бірақ бұрынғы президент оның бір де біріне жауап бермеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу