Алмазбек Атамбаев қазақстандық билікті Қырғызстанның ішкі ісіне араласуына қатысты айыптады

975

Алмазбек Атамбаев қазақстандық билікті Қырғызстанның ішкі ісіне араласуына қатысты айыптады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін алдағы болатын сайлауға ықпал етуіне қатысты айыптап, тиісті шаралар қабылдау ескерту жасады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Сенбі күні Қырғызстанның мемлекеттік марапаттарын табыстау салтанатында Алмазбек Атамбаев, Қазақстанның ықпалына қарамастан елде әділетті сайлау өткізуді көздейтінін мәлімдеді.

"Мен қазақстандық биліктің өз үміткерін неліктен таңып отырғанын түсінемін. Олар Бакиевті жақсы көреді (Қырғызстанның бұрынғы президенті). Бакиевтар әлі күнге дейін Қазақстанда мерекелер өткізеді", — дедіАлмазбек Атамбаев.

Биылғы жылдың қыркүйек айында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен өткізген кездесуінен кейін, Қырғызстан СІМ қазақстандық Сыртқы істер министрлігіне қарсылық нотасын жолдаған болатын.  Қырғыз билігі бұл кездесудің астарын елдерінде болатын сайлауға және Қырғызстанның ішкі істеріне араласу деп есептеді.

Еске сала кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Конституцияға сәйкес Атамбаев қайта сайлауға түсе алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу