Алмазбек Атамбаев: Мен дұрыс істедім деп ойлаймын

980

Алмазбек Атамбаев: Мен дұрыс істедім деп ойлаймын

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қорытынды баспасөз-мәслихатында Қазақстанмен қарым-қатынас перспективасына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 
"Астанамен жағдай жақсарады, бұл олар үшін де маңызды. Мен дұрыс істедім деп ойлаймын, келесі сайлауда өз пікірін тықпаламайтын болады. Бір жылдары парламент сайлауында Қазақстан ҰҚК қызметкері ақша таратқан кездер де болды. Содан кейін біз оған елге кіруге тыйым салдық", - деп мәлімдеді Қырғызстан президенті. 
Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі мәселе басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу