Алмазбек Атамбаев өзінің мұрагері жайлы айтып берді

744

Алмазбек Атамбаев өзінің мұрагері жайлы айтып берді

Бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елді тұрақты дамыту ұлттық кеңесінің бесінші отырысында мұрагері жайлы айтып берді, деп хабарлайды inform.kz.

Президенттің айтуынша, ол қайда барса да, кіммен кездессе де барлығы одан мұрагер ретінде кімді лайықты санайтынын сұрайды.

"Бұл туралы менен Ангела Меркель де, Владимир Путин де сұрады. Кей саясаткер мен журналист өзімді қорғайтын мұрагерді таппай жүргенім туралы мақала жазып жатыр. Мен тек Алладан қорқатынымды мәлімдеймін. Маған мені қорғайтын мұрагер емес, біздің ұлттық және мәдени құндылықтарымызды сақтап, халқымызды қорғайтын мұрагер керек", – дейді Алмазбек Атамбаев.

"Еліміздің барлық азаматы – менің мұрагерім. Біздің әрқайсысымыз, әрбір қырғыз азаматы – ата-бабымыздың мұрагеріміз. Келесі президенттің кім болатынын – сайлау көрсетеді. Мен оны білмеймін. Менің міндетім – әділ және ашық сайлау өткізу", – деп мәлімдеді Қырғызстан президенті.

Бұрын хабарланғандай, Қырғызстанда президент сайлауы конституциялық заңға сәйкес, 2017 жылдың 19 қарашасында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу