Алмазбек Атамбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1279

Сот санкциясымен Қырғызстанның экс-президенті 26 тамызға дейін уақытша тергеу изоляторына  қамалды.

Алмазбек Атамбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қырғызстанның бас прокуратурасы қамауға алынған елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа жаңа айыптар тақты. Оның ішінде жаппай тәртіп бұзушылықты ұйымдастырды, адамдарды тұтқында ұстады, заңсыз қару-жарақ айналымымен айналысты және кісі өлтірді деген баптар бар. Бұл айыптаулар дәлелденсе ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, экс-басшы өткен аптада тұтқындалған болатын. Қауіпсіздік күштері оның Қой-Таш ауылындағы резиденциясына екі рет шабуыл жасады. Операция шамамен бір тәулікке созылды. Қақтығыс кезінде шамамен 170 адам жарақат алып, бір сарбаз көз жұмды.

Сот санкциясымен Алмазбек Атамбаев 26 тамызға дейін уақытша тергеу изоляторына  қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу