"Алмэкс" холдингтер тобы Халық банкіндегі 10% үлесін сатты

1232

"Алмэкс" Халық банктегі 10 % үлесін саудалағаннан 344, 47 млн доллар табыс тапты. 

"Алмэкс" холдингтер тобы Халық банкіндегі 10% үлесін сатты

Жалпы Лондон биржасы (LSE) мен "Астана" халықаралық қаржы орталығында (AIX) 29,32 млн жаһандық депозиттік қолхат сатылды. Оның әрқайсысы Халық банктің қарапайым 40 акциясына тең. 

"Алмэкс" Халық банктегі 10 % үлесін саудалағаннан 344, 47 млн доллар табыс тапты. Жалпы "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасында – 5,68 млн, Лондон биржасында – 23,63 млн құнды қағаз сатылған.

"Биржадағы сауда аяқталған соң "Алмэкс" Халық банктің 7,58 млрд акциясына ие болады. Бұл жалпы саудаға салынған банк акцияларының 64,7%-ы. Банктің қазіргі ЖДҚ-лары LSE мен AIX ресми тізіміне енгізілген", – деді "Алмэкс" баспасөз қызметі. 

ЖДҚ негізінде "Алмэкс" 365 күн бойы банктің қалған акцияларын сатпау туралы міндеттемесін қабылдады. Бұған дейін "Алмэкс" холдингтер тобы Халық банктің кем дегенде 5% акциясын сатуға дайын екенін хабарланған болатын. Сонымен қатар, холдингтер тобы қаржылық ұйымның негізгі акцияларын сақтап қалуды жоспарлауда. 

Жалпы Халық банк акциялары Қазақстан қор биржасында,  Лондон қор биржасында сатылады. 

"Алмэкстен" бөлек Халық банк акцияларының 6,11% - ына  – "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ ие. Ал The Bank of New York –қа аталмыш банктің шартты 15,71% акциялары тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу