2017 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Альпі тауларының Швейцарияға қарайтын бөлігінде 2 244 адам жоғалып, 91 адам ажал құшқан. Бұл жайлы Анадолы хабарлайды.
2016 жылдың алғашқы тоғыз айында қаза тапқандардың саны 115 болған.
Биыл тамыз айында Швейцарияның оңтүстік-шығысындағы Граубюнден кантонының Бондо елді мекенінде болған көшкін салдарынан сегіз адам із-түзсіз кеткен. Германия, Швейцария және Австрия азаматтары болған альпинистердің денесі сол күйі табылмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу