Альпинист Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

108

Спортшы Ерванд Ильинский спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.

Альпинист Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді Фото: np.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

1. Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу