Альпинист Мақсұт Жұмаев Эвересті бағындырмақ

1997

Альпинист Мақсұт Жұмаев Эвересті бағындырмақ

Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Азияның ең жоғарғы нүктесі – Эверест шыңына шығып, Астананың туын көтермек ниетте. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды astana.gov.kz.

Елорданың 20 жылдығына орай қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын экспедиция 10 сәуірде басталып, 28 мамырда аяқталады деп жоспарлануда. Мақсұт Жұмаев Астананың мерейтойына орай бұл қадамға екінші мәрте баруға бел буып отыр. Бұл жолы альпинист оңтүстіктен – Непал жақтан биіктігі теңіз деңгейінен 8848 метрді құрайтын шыңға шықпақ.

"Кез келген альпинист үшін Эверестке шығу – ерекше іс. Әрине, мұның оңай болмайтыны белгілі, ешкім де біздің тауға шыға алатынымызға, боранның және арктикалық төмен температуралардың болмайтынына кепіл беріп отырған жоқ. Суық та, аштық та болады, бірақ мен бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Мен бұл оқиғаны еліміздің елордасының туған күніне қуана арнаймын. Отандастарымның мені қолдайтындарына сенемін", - деді Мақсұт Жұмаев.

Айта кетейік, Мақсұт Жұмаев Азияның ең биік нүктесі – Эверест шыңын (8848 м.), Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрус шыңын (5642 м.), Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро жанартауын бағындырған (8848 м.).

Бүгінгі таңда отандасымыз қосымша оттегіні пайдаланбай, әлемнің теңіз деңгейінен 8 мың метрден асатын ең биік 14 шыңын бағындырған жалғыз қазақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу