Ақтау маңында құлаған ұшақ апатына байланысты Әзербайжанда қаза тапқан экипаж мүшелері мен жолаушыларды еске алу рәсімі өтті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Azertag.az басылымына сілтеме жасап жазады.
Әзербайжандық альпинистер ұшақ апатында қаза тапқан батырлардың есімдері жазылған мемориалды тақтаны "Хыналық және көшпенділер жолы" мемлекеттік тарихи-мәдени-этнографиялық қорығының аумағына орнатты.
Әуе кемесінің экипаж мүшелері – Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және Окюма Алиеваның есімдері жазылған.
Еске салсақ, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын.