Альпинистер Түркістан облысында аюдың ең сирек түрін кездестірген

1658

Тянь-Шанның ақ тырнақты аюын альпинистер "Медвежка" шыңын бағындырар кезде жолықтырған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы otyrar.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Альпинистер Түркістан облысында аюдың ең сирек түрін кездестірген

Тауға өрмелеген апльпинистер бұл сапарын "Оңтүстік альпинизм" олимпиадасына арнапты. Шыңға көтеріліп келе жатып аюды көреді. Аюмен кездесуге дайын жүргендерін де айтады.

"Қорықпадық. Қонжығымен бірге жүрсе, не боларын кім біледі? Біз жеті адам болған соң ба жасқана қоймадық. Аю 70-80 метр жерде жүрді. Ол тоқтап, солға бұрылды. Содан жөнімен кетті", – дейді альпинист Руслан Овчинников.

Тянь-Шань аюы – қоңыр аюлардың ең сирек кездесетін түрі. Тянь-Шань мен Памир тауларында мекендейді. Салмағы 300 келіге жетеді. Басты ерекшелігі – тырнағы ақ түсті болады. Сондықтан да ақ тырнақты аю деп те атайды.

Әлемде 5 мыңға жуық Тянь-Шань қоңыр аюы бар. Оның мыңға жуығы Қазақстанда мекен етеді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу