Альпинистерді құтқару жұмыстары тоқтады

1298

23 тамыз күні құтқару тобының жетекшісі Василий Певцов Победа шыңында жоғалған альпинистерді іздеу-құтқару жұмыстары тоқтағанын мәлімдеді.

Альпинистерді құтқару жұмыстары тоқтады

"22 тамыз тепловизормен іздеу жұмыстарын жүргіздік. 14 рет аспанға көтеріліп, адам ізін таба алмадық. Қайғылы оқиға орнында қар көшкінің қаупі жоғары. Жаяу құтқару жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Сондықтан бүгін қалаға келдік",– дейді құтқару тобының жетекшісі аға лейтенант Василий Пицов.

Бұл ретте ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының бас хатшысы Қазыбек Уәлиев жоғалған альпинистерді табу мүмкін еместігін айтты.

"Победа шыңының Қырғызстан жағы мұздықтар мен қарлы таулардан тұрады. Ал ауа райы бұзылып, қар көшкіні болған кезде, оларды бірнеше километрлеп төмен сүйреп кетеді де, мұз жарықтарына түсіріп жібереді. Ал онда миллиондаған мұз жарықтары бар. Олардың ішінен альпинистерді жүздеген жылдар бойы іздеуге болады. Бір сөзбен айтқанда бұл "айдан ине іздеумен тең". Мен спортшы ретінде бұл жағдайда аман қалу мүмкін емес деп есептеймін",– деді Қазыбек Уәлиев.

Ал Мұрат Өтепбаевтың жары іздеу жұмыстарына қатысқандарға алғыс білдіріп, үмітінің сөнбейтінін мәлімдеді.

"Осы санаулы күннің ішінде қаншама жұмыс жасалғанын көрдім. Өз тарапымнан, отбасымның атынан екі елдің мемлекеттік органдарына, Қазақстанның Қырғызстандағы консулына, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдеріне алғыс білдіремін. Ұшқыштарға, альпинистерге, жалпы құтқару опетациясына қатысқан барлық адамдарға рақмет айтамын. Бұл адамдар күн демей, түн демей қолдарынан келгеннің барлығын жасады. Бүгінде жігіттердің қайтып ораларына сенеміз. Үмітіміз сөнген жоқ",– деді Мұрат Өтепбаевтың жары Шахаризада Шахбутова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу