Алпыс баланың қазасына айыптылар анықталып жатыр

994

Алпыс баланың қазасына айыптылар анықталып жатыр

Үндістанда балалардың жаппай өлімі тіркелген аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды 24.kz.

Қайғылы оқиғалар елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында болған. Соңғы мәлімет бойынша, бір апта ішінде мұндағы медициналық мекемеде кемі 60 бүлдіршін көз жұмған. Бұған дейін 30 балғынның қазасы жайлы хабарлаған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, оған оттегін жеткізудегі қиындықтар себеп. Яғни оттегіні ауруханаға жеке фирма жеткізіп отырған. Алайда соңғы уақытта емхананың бұл компания алдындағы берешегі өсіп кеткендіктен, ол қызметін тоқтатқан. Десе де штат билігі қайғылы оқиғалардың бұған еш қатысы жоқ деп отыр. Айтуларынша, емханада оттегінің қосымша көздері болған. Соған қарамастан, билік өкілдері балғындар қазасының себебі жайлы түсініктеме берген жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу