Алпыстан астам көліктен құралған ралли-марафонына қатысушылар Астанада

679

Алпыстан астам көліктен құралған ралли-марафонына қатысушылар Астанада

"Жібек жолы" раллиінің қатысушылары Астанаға жетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Алпыстан астам көліктен құралған авто керуен шілде айының басында Мәскеудің Қызыл алаңынан бастау алған болатын. Жалпы бағыт үш елді қамтиды (Ресей, Қазақстан, Қытай) және 10 мыңға жуық шақырымды құрайды, оның жарты жолы арнайы аумақтар. Экипаж 22 шілде Қытайдың Сиань қаласында мәреге жетеді.

Бір сәйкестігі, бағзы замандарда бұл қала әйгілі жібек жолы сауда керуендерінің соңғы нүктесі саналған.

Қазіргі уақытта халықаралық ралли-марафонына қатысушылар Ресейдің барлық аумағын жүріп өтті – бұл 15 қала және 900 шақырым Қазақстанның шексіз даласы: РФ-мен шекарасы арқылы Қостанай және Астанаға дейінгі аумақ.

Қазақстан астанасында экипаждар бір күн тынығып, одан кейін ары қарай белгіленген бағыт бойынша Тянь-Шань таулары арқылы Гоби шөл даласымен Қытайдың Сиань қаласына жетеді. Ал әзірге жарысушылар Қазақстан аумағы бойынша Астана-Семей-Үржар бағытындағы арнайы участкелерді бағындыруы тиіс.

Одан кейін ралли қытайлық Карамаге жетіп, Қытайдың жүрегі – Пекин қаласына бағыт алады.

Қазақстан атынан жарысқа екі команда қатысуда - "Astana Motorsport" және "Aktau Motorsport".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу