ALSER айналымы бір жылда 49 миллиард теңгеден асты

812

ALSER айналымы бір жылда 49 миллиард теңгеден асты

2017 жылы Қазақстанда бөлшек сату 2015-2016 жылдардағы күрделі кезеңді артта қалдырып, белсенді түрде дами бастады. "ALSER" цифрлы техника мен гаджеттерді сататын бөлшек сауда желісінің өкілдері нарықтағы ахуал мен өсу перспективалары туралы айтып берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Компания 2016 жылы желіні белсенді түрде кеңейтті. Одан кейін дүкендер саны 80-нен 120-ға дейін ұлғайды. 2017 жылы тағы 35 дүкен ашылып, 14-і оңтайландырылды. 2017 жылдың желтоқсан айына дейін ALSER-дің Қазақстанның 89 қаласында, орташа ауданы 200 шаршы метр болатын 155 сауда пункті болды.

"Таңдалған стратегияның арқасында компания 2017 жылды жалпы айналымы шамамен 49,5 млрд теңге көлемімен аяқтады. Бір жыл ішінде ALSER дүкендеріне 5 млн-нан астам адам келді. Олардың миллионы сатып алушылар болды ", – деп атап өтті компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу